Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қазандағы № 437 "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6432 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 05.08.2022 № 259 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Ауылшаруашылық өнім атауы | Тереңдете өңделген өнімдердің атауы | Өнім бірлігіне субсидия нормативі, теңге/килограмм |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Сүт | Сары май | 59 |