Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 257 "Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 қарашадағы № 356 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қарашада № 30432 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 257 "Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу Қағидаларын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Е. Тугжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады