"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының 2022 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Е. Тугжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігі
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 374 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысының 2022 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидия түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидия көлемі |
Сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Балық азығын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | килограмм | 39 500 | 3 725 850 |
2 | Балық өсіру материалын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | дана | 325 000 | 3 187 500 |
3 | Балық өсіру-биологиялық негіздеме сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | дана | 1 | 125 000 |