Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 және 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Темірбек Жүргенов ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округінің Темірбек Жүргенов ауылындағы атауы жоқ көшесіне Қайрат Рысқұлбеков атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімі |
С. Тампишев |