Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 52 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 сәуірде № 27697 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Байғанин аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданының әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі К. Утаров

  Байғанин ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 52 қаулысына қосымша

Байғанин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасқан алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Жақын арадағы инфрақұрылымды есепке алғандағы қызмет саласы (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда обьектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану обьектілері)

1

Ноғайты ауылы, Орталық көшесі, Ноғайты ауылдық клубының сол жағында

150

5

"Нұрай" дүкені

2

Жарқамыс ауылы, Орталық көшесі, № 102 "А" үйінің оң жағында

50

5

"Наурызбек" дүкені

3

Оймауыт ауылы, орталық стадионның сол жағында

1500

5

жоқ

4

Кемерши ауылы, Пошта көшесі, № 28 "А" үйіне қарама-қарсы

150

5

"Көркем", "Рахат" дүкендері

5

Жаңатаң ауылы, Қаратас көшесі, Жаңатаң ауылдық клубының оң жағында

50

5

"Нартай" дүкені

6

Бұлақтыкөл ауылы, Соркөл көшесі, № 2 үйдің сол жағында

50

5

жоқ

7

Алтай батыр ауылы, Бұлақ көшесі, № 30 үйдің оң жағында

50

5

"Асылтас" дүкені

8

Миялы ауылы, Жем-Өзен көшесі, № 17 үйдің сол жағында

225

5

жоқ

9

Миялы ауылы, Орталық көшесі, № 8 үйдің сол жағында

225

5

"Әлия" дүкені

10

Ебейті ауылы, Жеңіс көшесі, Ебейті ауылдық клубының сол жағында

150

5

жоқ

11

Жарлы ауылы, Ардагерлер көшесі, № 5 үйдің оң жағында

40

5

"Назерке" дүкені

12

Жарлы ауылы, Болат жолы көшесі, № 10 үйдің сол жағында

48

5

жоқ

13

Қарауылкелді ауылы, "Ай-жібек" орталық базарына қарама-қарсы

400

5

"Ай-Жібек" орталық базары, "Анвар", "Бексұлтан", "Ақылбек", "Арайлым" сауда дүкендері

14

Қарауылкелді ауылы, Қ. Жазықов көшесі, № 2 үйге қарама-қарсы

500

5

"Асем", "Инабат" сауда дүкендері

15

Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі, №1 үйдің сол жағында

2000

5

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады