"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының хатшысы |
Ж. Ергалиев |
Қобда аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 7 қазандағы № 228 шешіміне 1 қосымша |
Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Ескерту. Қосымша орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 30.10.2023 № 84 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, текше метр |
1 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,78 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,54 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,39 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,28 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,52 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0007 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,52 |
8 | Мектептер және басқа да оқу орындары | 1 оқушы | 0,17 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,91 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казино, ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,11 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,08 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
13 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | саудаалаңы 1 м2 | 0,31 |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | саудаалаңы 1 м2 | 0,26 |
15 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,13 |
16 | Автотұрақтар, автожуу, автомобиль жаңармай құю бекеті | 1 машина-орын | 2,35 |
17 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,03 |
18 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,46 |
19 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,085 |
20 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
21 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,59 |