Қобда ауданы И. Білтабанов атындағы ауылдық округінің И. Білтабанов және Қосөткел ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы И. Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 қазандағы № 18 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30174 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, И. Білтабанов атындағы ауылдық округінің И. Білтабанов ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. И. Білтабанов атындағы ауылдық округі И. Білтабанов ауылының Астана көшесін Нұр-Сұлтан көшесіне қайта аталсын.

      2. И. Білтабанов атындағы ауылдық округі Қосөткел ауылының Абай көшесін Қасым хан көшесіне қайта аталсын.

      3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы И. Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      И. Білтабанов атындағы
ауылдық округінің әкімі
Н. Даржан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады