Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Өтек ауылдық округінің Өтек және Жарсай-2 ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Өтек ауылдық округі Өтек ауылының келесі көшелері:
Астана көшесін Спандияр Көбеев көшесіне;
Желтоқсан көшесін Қорқыт ата көшесіне қайта аталсын.
2. Өтек ауылдық округі Жарсай-2 ауылының келесі көшелері:
А. Құнанбаев көшесін Қабанбай батыр көшесіне;
М. Өтемісұлы көшесін Керей хан көшесіне;
Астана көшесін Нияз би көшесіне;
И. Тайманов көшесін Жәнібек хан көшесіне қайта аталсын.
3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өтек ауылдық округінің әкімі | Ө. Ищанов |