Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аққұдық ауылдық округінің Вознесеновка ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Аққұдық ауылдық округі Вознесеновка ауылының келесі көшелері:
Украинская көшесін Ахмет Жұбанов көшесіне;
Шахтинская көшесін Кемел Тоқаев көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққұдық ауылдық округінің әкімі |
Е. Тукибаев |