Талдысай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 14 "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай және Еңбек ауылдарындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 ақпанда № 26782 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Талдысай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 14 "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай және Еңбек ауылдарындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-9-157 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдысай ауылдық округінің әкімі Қ. Аққайыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады