Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 30.10.2014 № 9 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Орыс тіліндегі шешімнің деректемелерінде, бүкіл мәтіні бойынша "аулов", "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сел", "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 30.10.2014 № 9 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.05.2017 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Талдысай, Еңбек ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округінің Талдысай ауылының атаусыз көшелеріне Абай Құнанбаев, Әлия Молдағұлова, Тәуелсіздік, Атлаш Жұмағалиев және Еңбек ауылының атаусыз көшелеріне Мұхтар Әуезов, Мәншүк Мәметова атаулары берілсін.
Ескерту. 1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 03.02.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдысай ауылдық округінің әкімі | М. Қарабатыров |