Ойыл ауданының Қараой ауылдық округінің Қараой ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28468 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 -баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қараой ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ойыл ауданының Қараой ауылдық округінің Қараой ауылының "Астанаға 10 жыл" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесі деп қайта аталсын.

      2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қараой ауылдық округ әкімі А. Султанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады