Шалқар қаласының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 205 қаулысы және Ақтөбе облысының Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 10 маусымдағы № 254 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 маусымда № 28513 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылдың 23 желтоқсандағы № 3 қорытындысының негізінде Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шалқар қаласындағы "Ульянов" көшесі "Азаттық" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады