Алматы облысы бойынша 2022 жылдың І-ІІ-ІІІ тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 177 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 31 мамырда № 28271 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы облысы бойынша 2022 жылдың І-ІІ-ІІІ тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.

      2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі К. Бозумбаев

  Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 177 қаулысына қосымша

Алматы облысы бойынша 2022 жылдың І-ІІ-ІІІ тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Тауар атауы

Өлшем бірлігі

I-тоқсан

II-тоқсан

III-тоқсан

1

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

353

349

363

2

Бірінші сортты бидай ұны

теңге/
килограмм

187

192

198

3

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

485

500

524

4

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

теңге/
килограмм

159

164

165

5

Рожки (өлшеніп салынатын)

теңге/
килограмм

292

304

304

6

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

теңге/
килограмм

2292

2360

2466

7

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

теңге/
килограмм

894

915

963

8

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

теңге/
литр

221

223

226

9

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

теңге/литр

228

228

232

10

Сүзбе: майлылығы 5-9%

теңге/
килограмм

1151

1149

1174

11

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

теңге/дана

42,8

41,9

42,1

12

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

теңге/
килограмм

2922

3025

3073

13

Күнбағыс майы

теңге/
литр

792

835

862

14

Ақ қауданды қырыққабат

теңге/
килограмм

124

89

101

15

Басты пияз

теңге/
килограмм

96

125

104

16

Асханалық сәбіз

теңге/
килограмм

174

257

205

17

Картоп

теңге/
килограмм

151

212

167

18

Ақ қант – құмшекер

теңге/
килограмм

265

274

270

19

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

теңге/
килограмм

55

54

54


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады