Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.01.2024 № 14-66 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихат хатшысы | С. Жұрын |