Жамбыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі "Жамбыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" № 27-136 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 14-66 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 қаңтарда № 6077-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 27-136 "Жамбыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173104 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихаттың төрағасы М. Амиргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады