"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, Талғар ауданында барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының елу пайызы мөлшерінде (жазғы демалысты қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Талғар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар аудандық мәслихатының хатшысы | М. Алибеков |