Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 583 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 сәуірде № 27607 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Сәттібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі № 583
Қаулысына қосымша

Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндері

Тауарлар атауы

Бірінші тоқсан
(теңге)

Екінші тоқсан
(теңге)

Үшінші тоқсан
(теңге)

1

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм

303

317

327

2

Бірінші сортты бидай ұны, килограмм

176

175

181

3

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм

539

571

621

4

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм

166

172

174

5

Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм

291

276

292

6

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм

2262

2303

2554

7

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм

1003

1029

1080

8

Пастерленген сүт, майлылығы
2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр

255

255

262

9

Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр

256

256

254

10

Сүзбе: майлылығы 5-9 %, килограмм

1828

1853

1849

11

Тауық жұмыртқасы (I санатты),
10 дана

331

311

318

12

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм

2456

2435

2427

13

Күнбағыс майы, литр

757

804

834

14

Ақ қауданды қырыққабат, килограмм

144

91

129

15

Басты пияз, килограмм

89

121

85

16

Асханалық сәбіз, килограмм

163

261

184

17

Картоп, килограмм

149

191

153

18

Ақ қант - құмшекер, килограмм

326

323

314

19

Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа), килограмм

47

46

45


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады