Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы "Шымкент қаласының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88 болып тіркелген) № 54 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шымкент қаласының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес.";
7-тармағының 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) заңды тұлғалар үшін (қосымша):
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде анықтамасы;
салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтамасы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);";
"6) жеке тұлғалар үшін (қосымша):
салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтамасы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда).".
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |