Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2022 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28043 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 2694 қаулысына қосымша |
|
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 835 қаулысына 2- қосымша |
2022 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға арналған субсидиялар көлемі | 100 000 000,00 теңге |