Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 21-6-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте № 29727 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Бородулиха аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 21-6-VII шешіміне
қосымша

Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

      1. Осы Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтау тәртібін регламенттейді.

      2. Құрмет грамотасы қоғам мен мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін моральдық көтермелеудің нысаны болып табылады.

      3. Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен азаматтар экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, әскери және өзге мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық және мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

      4. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Бородулиха ауданының әкімі мен Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Бородулиха ауданы әкімдігі жанындағы Құрмет грамотасын тапсыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) оң қорытындысына сәйкес қабылдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 28.08.2023 № 7-5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты аудан әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Өз кандидатураларын ұсынған адамдардан келіп түскен Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсынымдар қаралмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 28.08.2023 № 7-5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Бородулиха аудандық мәслихатының депутаттары кіреді.

      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.

      Бородулиха ауданы әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары төраға болып табылады.

      7. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

      8. Комиссия шешімі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

      9. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      10. Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды "Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) жүзеге асырады.

      11. Қолдаухатта кандидаттың негізгі өмірбаяндық деректері:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, айы, жылы;

      2) білімі туралы мәліметтер;

      3) ұйымның жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы және қолдаухат берілген күнгі атқаратын лауазымының толық атауы көрсетіле отырып, жұмыс орны туралы мәліметтер;

      4) еңбек қызметінің мәліметтері;

      5) наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер;

      6) заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған адамдарды қоспағанда, әкімшілік жазалардың және соттылықтың болмауы туралы мәліметтер ұсынылады.

      Сондай-ақ жиналыстың хаттамасынан немесе шешімінен үзінді көшірмесі қоса беріледі және Комиссияның қарауына жіберіледі.

      12. Құрмет грамотасымен:

      1) Құрмет грамотасына ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

      2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 28.08.2023 № 7-5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Құрмет грамотасы:

      1) сәйкесінше мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және бланкіге басып шығарылады;

      2) Бородулиха ауданының әкімі және Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы қол қояды;

      3) Бородулиха ауданының әкімі және (немесе) Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы (олардың міндеттерін атқарушы адамдар) салтанатты жағдайда тапсырады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 28.08.2023 № 7-5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда төлнұсқасы берілмейді.

      15. Құрмет грамотасының бланкілері мен оның папкасын дайындау Аппаратпен қамтамасыз етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады