Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 21-6-VII "Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 7-5-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 114-18 болып тіркелді

      Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 21-6-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29727 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бектілген Бородулиха ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Бородулиха ауданының әкімі мен Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Бородулиха ауданы әкімдігі жанындағы Құрмет грамотасын тапсыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) оң қорытындысына сәйкес қабылдайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты аудан әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті атқарушы және өкілді органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.

      Өз кандидатураларын ұсынған адамдардан келіп түскен Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсынымдар қаралмайды.";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар.";

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Бородулиха ауданының әкімі және Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы қол қояды;";

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Бородулиха ауданының әкімі және (немесе) Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы (олардың міндеттерін атқарушы адамдар) салтанатты жағдайда тапсырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Урашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады