Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 15-10-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 39-5-VI "Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтерді бекіту туралы" шешімі күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |
Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 25-7-VII шешіміне қосымша |
Бородулиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 403,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 456,00 |
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 2763,43 |