Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 39-5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 6042 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 25-7-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 25-7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 14285 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Мокроусова
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Бородулиха
аудандық мәслихатының
2019 жылғы 28 маусымдағы
№ 39-5-VI шешіміне қосымша

Бородулиха ауданы Жезкент кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге тарифтер

№ р/б   

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтің құны, теңге (ҚҚС-сыз)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көмуге тариф


1.1

Жайлы иеліктегі үйлер

Тұрғын/айына

181

1.2

Жайсыз иеліктегі үйлер

Тұрғын/айына

181

1.3

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 текше метр

1451,22

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге тариф


2.1

Жеке тұлғалар үшін

1 текше метр

672,77

2.2

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 текше метр

672,77


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады