ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5035 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
көрсетілген қаулының 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі | Н. Токсеитов |
"КЕЛІСІЛДІ" Үржар аудандық мәслихаты |
Үржар ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 589 қаулысына қосымша |
|
Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы;
3) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
4) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
5) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
8) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
4) барлық атаудағы әртістері;
5) кітапханашы;
6) дирижер;
7) әдістемеші;
8) музыкалық жетекші;
9) режиссер;
10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
11) ұжым (үйірме) басшысы;
12) хореограф;
13) дизайнер;
14) барлық атаудағы менеджер;
15) жарық аппаратурасы операторы;
16) дыбыс жазба операторы.