Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жамбыл облысының Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №1155 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3875 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Жамбыл облысының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындауын бақылау Жамбыл облысының Тараз қаласы әкімінің орынбасары Д.Әбілқайыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қаласының әкімі | Е. Жилкибаев |