Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 09.02.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27-баптарына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы аумағындағы мекемелер мен ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. "Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
4. Тараз қаласы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 наурыздағы №153 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-147 болып тіркелген, 2012 жылдың 11 сәуірінде "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);
2) "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 903 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3285 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 қаңтарда жарияланған).
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әбдірайымов |
Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №1155 қаулысына қосымша |
Тараз қаласы аумағындағы мекемелер мен ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшеріндегі квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %) | Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде белгіленген квота саны (адам) |
1 | "Жамбыл-Жылу" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 123 | 3% | 4 |
2 | "Жасыл Ел-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 230 | 3% | 6 |
3 | "Тараз энергоорталығы" акционерлік қоғамы | 199 | 3% | 5 |
4 | "Имсталькон" Жамбыл металлоконструкциялар зауыты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 606 | 4% | 24 |
5 | "Арайстроймаркет-2003" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2% | 2 |
6 | "ТаразКожОбувь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 69 | 2% | 1 |
7 | "Фабрика Пош-Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 88 | 2% | 1 |
8 | "Жамбылметснаб" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 55 | 2% | 1 |
9 | "Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған көпшілік кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 3% | 3 |
10 | Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық қазақ драма театры" коммуналдық мемлекеттік қызыналық кәсіпорны | 109 | 3% | 3 |
11 | Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Дарынды балаларға арнаулы "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 163 | 3% | 5 |
12 | Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Жамбыл облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 340 | 4% | 14 |
13 | Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Жамбыл облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 200 | 3% | 6 |
14 | Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 203 | 3% | 6 |
15 | Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Үміт" мамандандырылған балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 168 | 3% | 5 |
16 | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің "Жамбыл облыстық статистика департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесі | 142 | 3% | 4 |
17 | Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 215 | 3% | 6 |
18 | Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Ақыл-есі кем балаларға арнаулы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 195 | 3% | 6 |
19 | Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 161 | 3% | 5 |
20 | Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Жамбыл медициналық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 240 | 3% | 7 |
21 | Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 160 | 3% | 5 |
22 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 187 | 3% | 6 |
23 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №13 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 137 | 3% | 4 |
24 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 100 | 2% | 2 |
25 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №22 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 66 | 2% | 1 |
26 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 106 | 3% | 3 |
27 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №26 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 128 | 3% | 4 |
28 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Әлия Молдағұлова атындағы №28 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 122 | 3% | 4 |
29 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №32 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 122 | 3% | 4 |
30 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ыбырайым Сүлейменов атындағы №37 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 91 | 2% | 2 |
31 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №40 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 184 | 3% | 6 |
32 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 210 | 3% | 6 |
33 | "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №52 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 92 | 2% | 2 |
34 | "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 410 | 4% | 16 |
35 | "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "№9 Қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 172 | 3% | 5 |
36 | "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 154 | 3% | 5 |
37 | "Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 52 | 2% | 1 |
38 | "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Тараз қалалық өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 60 | 2% | 1 |
39 | Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тараз қаласындағы "№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 166 | 3% | 5 |
40 | Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тараз қаласындағы "№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 134 | 3% | 4 |
41 | Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Тараз қаласындағы "№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 305 | 4% | 12 |
42 | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаменті Тараз қалалық №1 бөлімі | 92 | 2% | 2 |
43 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 1700 | 4% | 68 |
44 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 767 | 4% | 31 |
45 | "Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті" мекемесі | 319 | 4% | 13 |
46 | Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Жамбыл политехникалық жоғары колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 461 | 4% | 18 |
47 | "Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 57 | 2% | 1 |
48 | Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 245 | 3% | 7 |
49 | Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "№13 Тараз темір жол колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 142 | 3% | 4 |
Барлығы | 10630 | 356 |