Қостөбе ауылдық округінің Талас ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 31 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 маусымда № 28367 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Қостөбе ауылдық округінің Талас ауылындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесі Достық көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостөбе ауылдық
      округінің әкімі Н. Кожабергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады