Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округінің Шахан ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 21 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 қарашада № 30568 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Байзақ ауданы Темірбек ауылық округінің Шахан ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      1) Мәтімқұл Сағазиев тұйық көшесі Ақсарай көшесіне;

      2) Жамбыл Жабаев тұйық көшесі Тәуелсіздік көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темірбек ауылдық
      округінің әкімі А. Утебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады