Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық | |
мәслихат хатшысы | Р. Сеитов |