Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер еңгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 20-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 сәуірде № 27511 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 19-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 19.03.2024 № 19-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШТI:

      1. Сарысу аудандық мәслихатының "Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидаларын бекiту туралы" 2020 жылғы 15 маусымдағы № 75-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Сарысу ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:

      10 тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      22 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарысу аудандық
      мәслихат хатшысы А. Сейналиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады