"Жетісу облысының (қаласының, ауданының) Құрметтi азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы № 10-26 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 19 қазанда № 30222 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-2) тармақшасына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жетісу облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Г. Тойлыбаева

  2022 жылғы 17 қазандағы № 10-26 шешіміне қосымша

"Жетісу облысының (қаласының, ауданының) Құрметтi азаматы" атағын беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жетісу облысының (қаласының, ауданының) құрметтi азаматы" атағын беру Қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және "Жетісу облысының (қаласының, ауданының) Құрметтi азаматы" атағын (бұдан әрі - Атақ) беру тәртiбiн реттейді.

      2. Атақтың берілуі марапатталушылардың облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық, әлеуметтік және рухани даму саласындағы ерекше еңбектерін қоғамның мойындағанын білдіру және маңызды моральдық ынталандырудың бірі болып табылады.

      3. Атақ азаматтарға, олардың:

      1) облыстың (қаланың, ауданның) әлеуметтік-экономикалық дамуына;

      2) қоғамды демократияландыруға, облыс (қала, аудан) халқын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруға;

      3) жаратылыс, техникалық және қоғамдық ғылымдардың маңызды бағыттары бойынша іргелі зерттеулер жүргізу, тиімділігі жоғары жаңа техника мен технология әзірлеу мен енгізу үшін;

      4) халықтар мәдениетін дамыту, өзара әрекет ету мен байытуға, өнер, әдебиет және журналистикада жоғарғы көркем туындылар жасауға;

      5) жеткіншек ұрпаққа адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге, оқытудың жаңа түрлерін практикалық іс жүзіне асыруға;

      6) облыс (қала, аудан) тұрғындарының денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаны сауықтыруға, дене тәрбиесі мен спортты дамытуға;

      7) мемлекеттік және әскери қызметке;

      8) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға;

      9) қайырымдылық және меценаттық қызметінің дамуына қосқан елеулі үлесіне беріледі.

      4. Атақ:

      1) атаққа ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдарға;

      2) сотпен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдарға;

      3) атаққа ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған әкімшілік жазасы бар адамдарға берілмейді.

2. Атаққа ұсыну және беру тәртібі

      5. Атақ ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне, облыстың мерейтойлық күндеріне жылына саны оннан аспайтын азаматтарға беріледі.

      6. Атақ облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихаттың шешімімен беріледі.

      7. Атақ беру туралы қолдаухатты мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың, ведомстволардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың және шығармашылық одақтардың басшылары облыс (қала, аудан) әкімінің қарауына ұсынады.

      8. Атаққа ұсынылған кандидатура, оған мінездеме мемлекеттік органның, мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның, ведомствоның, бірлестіктің, сондай-ақ атаққа ұсынылған кандидат тікелей жұмыс істейтін қоғамдық ұйымның еңбек ұжымының жиналысында алдағы марапаттау күнінен бір ай бұрын қаралады және бекітіледі.

      9. Атаққа ұсынылушының әрқайсысына Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы Нұсқаулыққа қоса берілген № 1 нысан бойынша награда қағазы толтырылады. Награда қағазында Атақ беруге ұсынылушының жеке басын куәландыратын құжаты бойынша тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс істеп жүрген цехтың, бөлімнің, бірлестіктің, мекеменің, ұйымның толық атауы көрсетіледі.

      10. Атаққа ұсынылушы ғалымдар, ғылым мен техника қайраткерлерінің награда қағазына ғылыми жұмыстарының тізімі, өнертапқыштардың енгізген өнертабыстарының тізбесі қоса беріледі.

      11. Награда қағазына 3х4 сантиметр көлемді түрлі-түсті 2 фотосурет қоса беріледі.

      12. Атақ берілген тұлғаларға куәлік, төсбелгі және лента тапсырылады.

      13. Куәліктерді, төсбелгілерді және ленталарды дайындау облыс (қала, аудан) әкімінің аппаратына жүктеледі және дайындау шығынын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      14. Атаққа қоса берілетін куәлікті, төсбелгіні және лентаны облыс (қала, аудан) әкімі, облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың хатшысы және уәкілетті ресми өкілдер салтанатты жағдайда тапсырады.

      15. Куәлікті, төсбелгіні және лентаны тапсыру туралы хаттама толтырылып, оған тапсыруды жүзеге асырған лауазымды тұлға қол қояды.

      16. Атаққа қоса берілетін төсбелгі немесе лента жоғалған жағдайда телқұжаты берілмейді.

      17. Атаққа қоса берілетін куәлік жоғалған жағдайда, оның телқұжаты, марапатталған адамның жазбаша өтініші бойынша, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы жоғалғандығына байланысты жарамсыз деп тану туралы жарияланған хабарлама ұсынылғанда облыс (қала, аудан) әкімінің келісімімен берілуі мүмкін.

3. Атақтан айыру және қалпына келтіру

      18. Атақ берiлген тұлға, атақ беру туралы қолдаухат енгізген органның ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешiмiмен:

      1) үлкен қоғамдық резонанс тудыратын жағымсыз мiнез-құлық көрсеткен жағдайда;

      2) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейiн атағынан айырылады.

      19. Осы қағидаларының 18 тармағында көзделген негіздер бойынша Атақтан айрылған тұлға Атаққа беруге қайта ұсынылмайды.

      20. Сот шешімі бойынша заңсыз сотталғандар және толық ақталғандардың Атаққа құқығы облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен қайта қалпына келтіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады