Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 11/12 "Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 13/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 наурызда № 27141 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 66/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 15.09.2023 № 66/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі 11/12 "Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1907 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2 топтағы мүгедектерге басқа адамның көмегіне мұқтаждығы жөнінде дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімінің үзіндісі.";

      4-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;

      4-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады