Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 15/02 қаулысына қосымша |
2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бюджет қаражатының көлемі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 17.08.2022 № 53/02 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидияланатын тұқымдардың санаты | Бюджет қаражатының көлемі, мың теңге |
1 | Бірегей тұқымдар | 3 780 |
2 | Элиталық тұқымдар | 308 415 |
3 | Бірінші репродукция тұқымдары | 205 577 |
4 | Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | 7 018 |
Барлығы | 524 790 |