Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Сәтбаев қаласы әкімінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 1 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6268 болып тіркеленген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Сәтбаев қаласының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімінің Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі | А. Идрисов |