Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 6268 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің 16.02.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сәтбаев қаласы аймағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Б.Е.Абдрахаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Толендина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады