Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2021 жылғы 18 ақпандағы № 2/16 "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 мамырдағы № 23/163 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 27981 болып тіркелді

      Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 ақпандағы № 2/16 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6211 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 2), 3), 9), 11) тармақшаларына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы К. Имантусупов

  Жаңаарқа аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 4 мамырдағы
№ 23/163
шешіміне 1 қосымша
  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2021 жылғы 18 ақпандағы № 2/16
шешіміне 1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Жаңаарқа аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 4 мамырдағы
№ 23/163
шешіміне 2 қосымша
  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2021 жылғы 18 ақпандағы № 2/16
шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

Атауы

1.

1 және 2 топтағы мүгедектер;

2.

Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

3.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

4.

Толық емес отбасылар;

5.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 "Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) еңбек ресурстарын болжамдаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары және өзге де салалардағы мамандар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады