"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қызылжар кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және Облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінің көшелері:
40 лет Победы көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар кентінің әкімі | Д. Жайлаубаев |