Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2021 жылғы 20 мамырдағы Қарағанды облысы әкімдігінің жаныңдағы облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің Озерное ауылының көшелері:
Молодежная көшесін Жастар көшесіне;
Новая көшесі Болашақ көшесіне;
Озерная көшесі Ақкөл көшесіне;
Степная көшесі Сарыарқа көшесіне;
Школьная көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Центральная көшесі Абай көшесіне;
Садовая көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;
Инкубаторная көшесі Достық көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Озерный ауылдық округінің әкімі | А. Каспаков |