"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Родников ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2022 жылғы 11 наурыздағы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қортындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округіндегі келесі көшелер:
1) Родниковское ауылында:
Мичурина көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Мира көшесін Отан көшесіне;
Степная көшесін Қаныш Сәтбаев көшесіне;
Механизаторов көшесін Алаш көшесіне;
Центральная көшесін Орталық көшесіне;
Целинная көшесін Абай көшесіне;
2) Қарасу ауылында:
Степная көшесін Керей хан көшесіне;
Центральная көшесін Болашақ көшесіне;
Степная көшесін Ақсай көшесіне;
Дорожная көшесін Сарыбұлақ көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Родников ауылдық округінің әкімі | А. Жубайхан |