Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 23.10.2024 № 120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7771 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасының 4, 12, 15, 16 және 22 қатарлары мынадай редакцияда жазылсын:
аталған шешімнің қосымшасы 24 және 25, 26 қатарлармен толықтырылсын:
24 | Жүйелі қызыл жегі | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады |
Ритуксимаб көктамыр ішіне инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат |
25 | Амиотрофиялық бүйірлік склероз | Рилузол қабықпен қапталған таблетка | ||
26 | Гепатоцеллюлярлық карцинома | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады |
-Атезолизумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат |
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байкадамов |