Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 142 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қазанда № 30256 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 262 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4961 болып тіркелген);

      2) "Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 262 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 195 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6259 болып тіркелген).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н. Байкадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады