Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін оны Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 666 қаулысына қосымша |
2022 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидия түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1. | Отандық өндірістің балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (тұқы тұқымдас және олардың будандары үшін) | килограмм | 20 000 | 8 400,0 |