"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 252-45/4 шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Жаңа

Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 115-17/6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 сәуірде № 27454 болып тіркелді

      ШЕШТІ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 252-45/4 шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6904 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының бірінші тармағы жаңа редакцияда жазылсын;

      1-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы И. Кутухуджаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады