"Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 54 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 164 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қарашада № 30616 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 54 "Қазалы ауданы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6252 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қазалы ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі М. Уразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады