Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 272 "Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 134 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 наурызда № 27004 болып тіркелді

      Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қармақшы аудандық мәслихатының "Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы" 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 272 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7002 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қармақшы ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы Ә. Қошалақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады