Қармақшы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 68 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 маусымда № 28657 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Қармақшы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қармақшы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. Қармақшы ауданы әкімдігінің "Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2017 жылғы 8 ақпандағы № 417 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі А. Ерсултанов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 28 маусымдағы
№ 68 қаулысына қосымша

Қармақшы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Орналасу алаңы (шаршы метр)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

2

3

4

5

6

1

Жосалы кенті, Ерназар Сексенбаев көшесі, 27 үй, "Әскерилендірілген темір жол күзеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратының сол жағында

300

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

Жеке кәсіпкер "Жаппасбаевтың" азық-түлік базасы, "Бибінұр", "Таңсықбай" базарлары, "Орда", "Адина" сауда орталықтары

2

Жосалы кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, "Достық" сауда үйінің сол жағында

550

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Достық" сауда үйі

3

Жосалы кенті, Елеу Көшербаев көшесі, 86 үйдің оң жағы, "Шынар ана" автобекетіне қарама-қарсы

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Бауыржан", "Әсел" дүкендері

4

Төретам кенті, Жанқожа Батыр көшесі, 2 үйге қарама-қарсы

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Меруерт", "Ақсеңгір" сауда орталықтары

5

Төретам кенті, Ғани Мұратбаев көшесі, 29 үйге қарама-қарсы

300

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Светофор" сауда орталығы, "Бағдаулет" мейрамханасы

6

Ақай ауылы, Абай көшесі, 32Б үйдің оң жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Асылжан" дүкені

7

Абыла ауылы, Жеңіс көшесі, ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттің ғимаратына қарама-қарсы

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Алтын" дүкені

8

Төребай би ауылы, Орныққан Қазиев көшесі, 9 үйдің сол жағында

150

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Нұржігіт" дүкені

9

Иіркөл ауылы, Қорқыт-Ата көшесі, 15 үйге қарама-қарсы

150

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Раушан әже" дүкені

10

Дүр Оңғар ауылы, Қ.Бексебаев көшесі, орталық алаңның сол жағында

300

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

Орталық дүкен, "Расила" дүкені, "Жаңажол" мейрамханасы

11

ІІІ-Интернационал ауылы, Астана көшесі, 24 үйдің оң жағында

100

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Иса" дүкені

12

Ақтөбе ауылы, Кеңсе көшесі, ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратына қарама-қарсы

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

Жоқ

13

Ақжар ауылы, Қ.Ізтілеуов көшесі, 43 үйдің оң жағында

110

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Зере", "Али-Нұр" дүкендері

14

Тұрмағамбет ауылы, Ешнияз Сал Жөнелдікұлы көшесі, 30 үйдің сол жағында

200

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Айнара" дүкені, "Бақыт" мейрамханасы

15

Алдашбай Ахун ауылы, Омар Шораяқұлы көшесі, 18 үйдің оң жағында

150

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

Жоқ

16

Қуаңдария ауылы, Бәйтерек көшесі, № 2019 әскери бөлімінің "Қуаңдария" шекара бөлімшесінің ғимаратына қарама-қарсы

150

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

Жоқ

17

Көмекбаев ауылы, Ү.Аяпов көшесі, 21 үй, ауылдық клуб ғимаратына қарама-қарсы

150

Азық-түлік/ азық-түлік емес тауарлар

5 жыл

"Сүйеніш", "Еңлік" дүкендері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады