Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 417 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 наурызда № 5759 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 28.06.2022 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "8"ақпандағы
№ 417 қаулысына қосымша

Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар

р/с

Елді мекеннің атауы

Орналасатын орны

1

Жосалы кенті

"Шымкент-Самара" трассасы мен Е.Көшербаев көшесінің қиылысында орналасқан аялдаманың оңтүстік жағы

2

Жосалы кенті

А.Өміров көшесінде орналасқан бұрынғы "Бесаспап" базарының солтүстік-батыс жағы

3

Жосалы кенті

Е. Сексенбаев көшесіндегі "Әскерилендірілген теміржол күзеті" акционерлік қоғамының Шымкент қаласындағы филиалы мекемесіне қарама-қарсы алаң

4

Төретам кенті

Жаңқожа батыр көшесіндегі 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 үйлердің батыс жағы

5

Ақай ауылдық округі, Ақай ауылы

Абай көшесінде орналасқан № 9 ғимараттың батыс жағы

6

Қармақшы ауылдық округі, Қармақшы ауылы

Жеңіс көшесінде орналасқан №1, 3, 5 үйлердің батыс жағы

7

Жосалы ауылдық округі, Төребай би ауылы

П.Байшораұлы көшесінде орналасқан №17,19 үйлердің оңтүстік жағы

8

Иіркөл ауылдық округі, Иіркөл ауылы

Е.Құрманбаев көшесінде орналасқан №13, 18 үйлердің оңтүстік жағы

9

Жаңажол ауылдық округі, Дұр Оңғар ауылы

Дұр Оңғар көшесінде орналасқан №25 үйдің шығыс жағы

10

ІІІ-Интернационал ауылдық округі, III-Интернационал ауылы

Астана көшесінде орналасқан №2, 5 үйлердің батыс жағы

11

Ақтөбе ауылдық округі. Ақтөбе ауылы

Самара-Шымкент трассасынан Ақтөбе аулына кіре берісіндегі жолдың солтүстік жағы

12

Ақжар ауылдық округі, Ақжар ауылы

Қ.Ізтелеуов көшесінде орналасқан №22, 24 үйлердің солтүстік жағы

13

Дауылкөл ауылдық округі, Тұрмағамбет ауылы

Ешнияз Сал көшесінде орналасқан №30 үйдің оңтүстік жағы

14

Алдашбай Ахун ауылдық округі, Алдашбай Ахун ауылы

О.Шораяқұлы мен Ә.Егізбаев көшелерінің қиылысының солтүстік-батыс жағы

15

Қуандария ауылдық округі, Қуаңдария ауылы

Ә.Төртбаев көшесінде орналасқан №5, 7, 9 үйлердің солтүстік жағы

16

Т.Көмекбаев ауылдық округі, Т.Көмекбаев ауылы

Ү.Аяпов көшесінде орналасқан №21 үйдің оңтүстік жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады