Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 9/112 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 сәуірде № 27510 болып тіркелді

      Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 37/446 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4278 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Маңғыстау облысының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін берілсін".

      жоғарыда көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

  Маңғыстау облыстық
  мәслихатының
  2022 жылғы 29 наурыздағы
  № 9/112 шешіміне
  қосымша


  Маңғыстау облыстық
  мәслихатының
  2020 жылғы 28 тамыздағы
  № 37/446 шешіміне
  1-қосымша

Маңғыстау облысында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі

Аурудың атауы

Халықтың санаты

Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы)

Дәрілік заттардың (шығару нысаны), мамандандырылған емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың атауы

1

2

3

4

5

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар

1

Мультифокалдық, краниалдық дистония

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

А-гемаглютинин типті ботулиндік упттық кешен, бұлшықет ішіне және тер астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

2

Психикалық ауру

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Миртазапин

3

Ювенильді артрит

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Тоцилизумаб

Канакинумаб

4

Тромбофилия

Диспансерлік есепте тұрған жүкті әйелдер және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдер

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Натрий эноксапарині

Кальций надропарині

5

Дәнекер тінінің жүйелік аурулары, неврологиялық аурулар, Девик ауру

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Ритуксимаб

6

Буллалы эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Құрамында күміс сульфотиазолы бар крем, сыртқа қолдануға арналған крем

Декспантенол 5%, сыртқа қолдануға арналған крем

Декспантенол 5%, сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Хлоргексидин, ерітінді

7

Көмей стенозы, созылмалы канюльтасығыш

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Будесонид, ингаляцияға арналған дозаланған ұнтақ

Фенотерол мен Ипратропий бромиді, ингаляцияға арналған ерітінді/дозаланған ингаляцияға арналған аэрозоль

Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді

8

Кистозды фиброз (Муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Урсодезоксихолий қышқылы

9

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

3-тен 4-ке ауысу
сатысына

Амин қышқылдарының кетоаналистері, таблеткалар

10

Эпилепсия

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға
толық жауап
бермейтін
жағдайда

Вигабатрин

Сультиам

11

Дюшен бұлшықет дистрофиясы

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға
толық жауап
бермейтін
жағдайда

Дефлазакорт

12

Шашыраңқы беріш

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар
және ауырлық
дәрежесі

Диметилфумарат

13

Онкологиялық аурулар

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар
және ауырлық
дәрежесі

Атезолизумаб

Изотретиноин

Третиноин

14

Жоғары өкпе гипертензиясы

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар
және ауырлық
дәрежесі

Мацитентан

Селексипаг

15

Ағзалар мен тіндерді ауыстырып салудан кейінгі жағдайлар

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар
және ауырлық
дәрежесі

Флуконазол, капсула

Итраконазол, капсула

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар

1

Буллалы эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Күмісі бар майланған таңғыш

Фармпрепаратсыз таңғыш

Стерильді таңғыш

Абсорбциялайтын стерильді таңғыш

Абсорбциялайтын таңғыш

Бұласыр

Гидротюль, гидроактивті майланған таңғыш

Перуан бальзамы бар майланған таңғыш

Стерильді майлықтар

Бекітетін созылмалы бинт

Бекітетін бинт

Торлы құбырлы бинт

Жұмсақ стерильді емес мақталы бинт

Хлорамфеникол негізіндегі стерильді таңғыш

2

Көмей стенозы, созылмалы канюльтасығыш

Диспансерлік есепте
тұрған азаматтардың
барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Вакууммен басқарылатын аспирациялық катетер (қақырықтан тазарту үшін)

Трахеостомия түтігі

Трахеостоманы бекіту жолақтары

Трахеостомиялық түтіктің астына салуға арналған майлықтар

Дауыс клапандары

Бір рет қолданатын Жанне шприцтері

Жылу алмастырғыш

Гастростомия түтігі (баланы тамақтандыру үшін) F-16

Трахеостомаға арналған бітегіш

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі мамандандырылған емдік өнімдер

1

Буллалы эпидермолиз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Арнайы емдік тамақтану

2

Целиакия

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Глютенсыз арнайы ұн

3

Кистозды фиброз
(Муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі

Мамандандырылған емдік өнімдер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады