Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия отырысының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 01-02/134 хаттамасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына бөлшек сауда бағасының шекті рұқсат етілген мөлшері күнтізбелік отыз күн мерзімге аc тұзы ("Экстра" -дан басқа) – килограммы үшін 60 теңге болып бекітілсін.
2."Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |